Khotyr-shotyr-zhazu

Khotyr-shotyr-zhazu

21.02.2013

БІЗДІҢ БИЛІК ЕКІ ЖАҚТЫ ОЙЫН ОЙНАП ОТЫР


Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ,
композитор, шәмшітанушы:

- Таяуда Мұхтар Шаханов бастаған зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуге қарсы ашық хат жазды. Осы хатқа қол қойған азаматтардың ішінде Сіздің де есіміңіз жүр екен. Шыныңызды айтыңызшы, Сіз ашық хатқа М.Шахановтың сө-зін жерге қалдырмау үшін қол қойдыңыз ба? Әлде, расында латын әліпбиіне көшуге қарсысыз ба?
- Менің латын әліпбиіне көшуге қарсы болуым М.Шахановтың көңіліне қарайтын мәселе емес қой. Шын мәнінде Шахановтың көтеріп отырғаны өте өзекті мәселе. Осы күн-ге дейін Шахановтың жеңіліс тапқанын көрген емеспін. Ол латын әліпбиіне көшуге қарсы болса ұлтын сүйгендіктен солай жасап отыр. Өйткені Мұхаңның орнында басқа бі-реулер болса, естелік кітабын жазып, тып-тыныш отыра берер еді. Латын әліпбиіне көшуге қарсы болып, ашық хат-қа қол қоюуым бұл көңіл жықпастықтан туған мәселе емес.




Латын әлібиіне көшу қазаққа қаншалықты қауіпті?
- Егер Қазақ елі тұтастай, яғни, 17 млн. халық латын әліпбиіне көшсе, мен оны екі қолымды көтеріп қолдар едім. Өкінішке қарай, латын әліпбиіне тек қазақ халқы ғана көшейін деп отыр. Өйткені мемлекет басшысының Жол-дауын, қарапайым халықты айтпағанда, зиялы қауым өкілдері де түсінбей қалды. Қазіргі кезде көпшілік «мемлекет тұтастай латын әліпбиіне көшеді» деп ойлап отыр. Ал шын мәнінде олай емес қой. Біз ешқашан мемлекеттік мүддеге қарсы келген емеспіз. Біз латын қаріпіне көшпей тұрып, қазақ тілінің мәселесін шешіп алуымыз керек. Яғни, ең алдымен Ата заңымыздағы «орыс тілі - ресми тіл» дегенді алып тастап, қазақ тіліне көшуіміз керек. Керек десеңіз кезінде Ахмет Байтұрсынұлының өзі латын әліп-биіне көшуге қарсы болған екен.


Жалпы біздің билік немесе зиялы қауым өкілдері латын әлібиіне көшуді көтеріп, биік мінберлерден сөйлей бастаса болды, Ресейдің мүддесін көздейтін ұйымдар мен БАҚ ұлардай шулап қалады. Сіздер осы ретте орыс отаршылдарының сойылын соғып отырған жоқсыздар ма?

- Бұл жерде біздің биліктегілер екі жақты ойын ойнап отыр. Олар қазақ халқына «латын әліпбиіне көшуге Мұх-тар Шаханов қарсы болып отыр» деп айтады. Ал Ресейге «мемлекет тұтастай латын қаріпіне көшпейді, тек қазақ қана көшеді» деп алдарқатады. Егер біз тұтастай латын әліпбиіне көшетін болсақ, көшелердегі жазулар латынша болуы керек. Өкінішке қарай, олай болмайды. Мәселен, «Қош келдің» деген сөз бірінші ағылшын тілінде, екінші орыс тілінде, үшінші қазақ тілінде жазылады. Ал төртінші болып латынша «Qosh keldin» деп жазылады. Бізге осылай жасаған керек пе?


zhebe.com сайтынан алынды

Комментариев нет:

Отправить комментарий

пікір жазыңыз