Жалпы сипаттама.
1. Қазақстанның латын әліпбиінің жаңа жобаларын талқылау барысында лингвист ғалымдар мен әлеуметтанушы, саясаткерлер жаңа сападағы жазуды қалыптастыру туралы қоғамдық пікір қозғап, БАҚ арқылы өз ұсыныстарын жариялап келеді. Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгеннен бері қазақ тілінің әліпбиін жасау үшін лингвистер, программистері және тағы басқа саланың мамандары өзіндік жобаларын ұсынды. Кейбір жобаларда қазіргі қолданыстағы 42 әріп автоматты түрде латын әрпінде берілсе, ендігі бір топ жобаларда орыс тілінен енген кірме дыбыстар қосар таңбамен, мысалы, в, ф, ш дыбыстары bh, fh, ch әріп тіркесімдері арқылы берілген. Сонымен қатар негізінен тағы бір тобы түрік тіліндегі жазу вариантын да беріп отыр. Ол бойынша ә, ө, ү, і, ғ дыбыстарының төбелерін арнайы диакретикалық белгілер арқылы беруді ұсынған. Және де дауыссыз дыбыстарға қатысты ш әрпін ş түрінде, ж әрпін ç түрінде, ң дыбысын ŋ түрінде, ғ әрпін ğ түрінде берген. Ғалымдардың пікірінше, Microsoft Wordформатындағы мәтіндерде арнайы таңбалары бар әріптердің өзгеріске ұшырап, бүлінуі мүмкін. Ағылшын тіліндегі мәтіндердің өзгермей, жақсы сақталатындығының бір себебі, оларда ешқандай диакретикалық таңбалар жоқ деп түсіндіріледі.
2. Латын графикасын енгізудің екінші варианты – дауысты дыбыстардың жіңішке нұсқаларын дәйекше арқылы беру. Ол бойынша ә әрпін а’, ө - о’, ұ – u’, ү – y’ түрінде берген. Бірақ әріптерді дәйекше арқылы беру жазу тәжірибесінде оңтайлы болмайды. Ол үшін әрбір жіңішке әріптерден кейін тағы бір таңба салу керек. Бұл пернатақтада жазу жылдамдығын баяулатады.
Осы орайда қазақ тілінің сингармонизм заңын басшылыққа алудың қажеттілігі туындайды. Себебі қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде сингармонизм құбылысы барынша жетілген тіл. Бұл туралы В.Радловтың, П.М.Мелиоранскийдің, Казем-бектің пікірлері бар.

Латын әріптерін үндестік заңдылығына сай бейімдеу
Көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады. Сингармонизм – гректің syn «бірге» және harmoni – «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
А.Байтұрсынов сингармонизм заңы жөнінде былай деген: «Тіл-тілде сөздің құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бас-аяғы бүтін бір сөз (немесе бір буын) етіп тұратын лингвистикалық құбылыс – үндесім (сингармонизм) құбылысы немесе үндесім заңы (сингармонизм заңы) болып табылады. Буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылардың да, дауыссыздардың да) бір әуезбен айтылуын сингармонизм құбылысы дейді».
Сингармонизм заңдылықтары:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз.
Осының бәрінің негізінде А.Байтұрсынұлының «Қазақ сөзі екі түрлі: бір түрі – жуан, екінші түрі – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі де жіңішке болады» деген пікірі жатыр.
А.Байтұрсынұлы сингармонизм заңына сәйкес, қазақ тілінде 43 дыбыстың бар екендігін, бірақ оны 24 әріппен беруге болатындығын ескерткен. Тек кейбір жуан, не жіңішке екендігі даулы болып қалатын сөздердің жіңішкелігін белгілеу үшін дәйекше қолдану керектігін көрсеткен. Оған сәйкес, қазақ тілінде 5 дауысты дыбыс бар: а, о, ұ, ы, е. Ал қалған дауысты дыбыстарды сингармонизм заңына байланысты туындайды деп түсіндіреді. Олар: ә, ө, ү, і. Ал, - е дыбысы ылғи да жіңішке айтылады.
Бұдан шығатын қорытынды, қазақ жазуына негізделген латын графикасының мүмкіндігі сингармонизм заңына тікелей тәуелді.

Комментариев нет:
Отправить комментарий
пікір жазыңыз