Латын графикасына көшу асығыстықты қажет етпейтін мәселе. Бұл пікірді бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы аясында М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы айтты, деп хабарлайды BNews.kz."Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру – тез жүруді қажет етпейтін мәселе. Асықпауымыз керек. Өзбекстан мысалы осы мәселеге қатысты заңын үш рет ауыстырды. Біз олардың қателігін қайталамауымыз керек. Асығыстыққа жол беруге болмайды",- дейді тіл маманы.
Ал, асықпасақ, қаншама кітап-құралдарды қашан аударып бітеміз деген пікірге Уәлихан Қалижанұлы: "Мысалы, 50 томдық туындыны аудару керек делік. Бізде компьютерде дайын графика тұрады, біз оны басып шығамыз, тек үстінен "корректировка" ғана жасау керек. Сонда бір айда белгілі бір адамдар тобы төрт томды аударып, дайындай алады. Тағы бір есте сақталар жайт, мысалы, коммунистік өмірді әспеттейтін, архивте сақталуы керек кітаптарды латынға аударудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Олар архивте тұрады ғой",- деп жауап берді.
Дереккөзге сілтеме |
|
Комментариев нет:
Отправить комментарий
пікір жазыңыз