Khotyr-shotyr-zhazu

Khotyr-shotyr-zhazu

01.04.2013

Латын әліпбиіне ауысқан кезде орыс мектептерінде қандай алфавит қолданылады?

Астана. 28 наурыз. Baq.kz «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» ісі қаралған Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бүгінгі отырысында төменгі палата депутаты Гүлнәр Сүлейменқызы осы мәселені көтерді

 
«Бұл нақты қандай тарапқа қатысты екенін білмеймін, бірақ мені мазалайтын бір сұрақ бар. Мынау латын алфавитін енгізген кезде орыс мектептері қандай алфавитпен оқиды? Бүгінгі таңда ақпарат құралдары таратып жүрген әңгімелерге қарағанда, латын әліпбиіне көшкен кезде орыс мектептері бұрынғыша кириллицамен жүре береді де, қазақ мектептерінде латын әліпбиі болады. Сонда бір мемлекетте екі түрле алфавит болады ма?», - деді сауал жолдаған депутат.
«Иә, ондай әңгімелер айтылып жүр. Латын графикасына қазақстандықтар түгел көшеді ме, әлде қазақтар ғана көшеді ме деген мәселені саяси жағынан айтып жүргендер де бар. Біздің ойымызша, бұған былай жауап беру керек: латын графикасына мемлекеттік тіл ғана көшеді. Ең дұрыс жауабы осы. Кәдімгі локомотив сияқты алда жүретін мемлекеттік тіл ғана латын әліпбиіне ауысады», - деді сұраққа жауап берген А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзаберген Малбақұлы

Комментариев нет:

Отправить комментарий

пікір жазыңыз