Nuraddin Sadykov
Астана
Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырады деген мәжілісті – сол басқармаға қарасты «Руханият» орталығы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Сайлау Батыршаұлы, Алтынбек Шәріпбаев, Мұхамбедия Ахметов, Серік Ерғали сынды жиырмаға тарта ғалымдар мен тіл жанашырлары, Арман Байқадам сынды кәсіпкер, жас ғалымдар қатысты.
Сонымен, басқарма төрағасы Ербол Тілешовтың төрағалығымен дөңгелек үстел мәжілісі басталды. Басқосу ә дегеннен дау-дамаймен басталды. Себеп – дөңгелек үстелдің тақырыбынан шықты. Ресми «Қазақ әліпбиінің латын таңбаларымен берілуінің қажеттілігі мен мүмкіндіктері» деп аталып, шақырылған тақырыптың ұйымдастырушылар тарапынан «для галочки» қойылғаны мойындалып, модератор тарапынан негізгі әңгіме «Латын әліпбиінІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ нұсқасын пайдаланудың қажеттілігі мен мүмкіндіктері» ауанында өрбитіні белгілі болды. Яғни, өздері жасаған латын әліпбиінің нұсқасын таныстырып, талқыға саламыз деп келген қатысушылар өздерінің жас бала секілді «алданғанын» білгенде наразылық танытты. Ғалым Алтынбек Шәріпбаев ұйымдастырушылардың бірі Серік Ерғалидің баяндамасынан кейін, жалпы тақырыптың дұрыс қойылмағандығын сынаса, біздер жалпы екі әліпбидің қажеттілігі неде деген сарында сұрақ қойдық. Жалпы ұйымдастырушылар тарапынан қандай мақсат көздегені өздеріне аян, әйтсе де біз өзіміз байқаған бірқатар жайттарды тізбелей кетейік.
1. Дөңгелек үстел өте асығыс (оны модератор Ербол Тілешовтың өзі де айтты) ұйымдастырылған.
2. Техникалық әліпби деген сылтаумен ұйымдастырушылар өздерінің нұсқаларын ұсынып, оны жиналған ғалымдарға мақұлдатып, қарар қабылдап алып, тиісті орындарға бекіткізіп жіберуді көздеген. Ең қызығы, оны ұйымдастырушылар Серік Ерғали да, Ербол Тілешов та ол техникалық әліпбидің кейін жалпыхалықтық әліпби болып кету ықтималдығын жоққа шығармай отыр.
3. Ұйымдастырушылар өздері техникалық деп атаған нұсқаны Алдан Смайылов, Бақытбек Смағұл, Оразкүл Асанғазықызы секілді бірнеше ғалымдарға ұсынғанын айтып, олардың бұл мәселені көтеруге ынталылық танытқанын жеткізді. Сонда, жалпыхалықтық талдауға түспеген шикі дүниені ат төбеліндей топтың халық қалаулылары арқылы қабылдатып жібергісі келгендегі қылығы – қулық емей немене?
4. Мәжіліс тарапында жақсы ұсыныстар да айтылды. Амангелді Шәріпбаев тарапынан ұсынылған әуелі графиканың стандарттарын жасап алу деген ұсыныс қызу қолдау тауып, ендігі мәжіліс стандарттар ұсынып, бекітуге бағышталатынына бәтуаластық.
5. Арман Байқадамның әліпби ұсыну (мейлі техникалық, мейлі жалпыхалықтық) процесі бәсекелестік негізінде жүргізілсін деген ұсынысы да қызу қолдау тапты.
P.S. Жиын соңында қабылданады деген қарардың мәтіні сол күйі жұмбақ болып қалды.

Комментариев нет:
Отправить комментарий
пікір жазыңыз