Khotyr-shotyr-zhazu

Khotyr-shotyr-zhazu
Показаны сообщения с ярлыком алфавитная реформа. Показать все сообщения
Показаны сообщения с ярлыком алфавитная реформа. Показать все сообщения

26.12.2013

Қазақша латын әліпбиі екі түрлі болады ма?

Nuraddin Sadykov
 Астана

 
Кеше латын әліпбиіне қатысты жиын болды.
 Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырады деген мәжілісті – сол басқармаға қарасты «Руханият» орталығы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Сайлау Батыршаұлы, Алтынбек Шәріпбаев, Мұхамбедия Ахметов, Серік Ерғали сынды жиырмаға тарта ғалымдар мен тіл жанашырлары, Арман Байқадам сынды кәсіпкер, жас ғалымдар қатысты.


 Сонымен, басқарма төрағасы Ербол Тілешовтың төрағалығымен дөңгелек үстел мәжілісі басталды. Басқосу ә дегеннен дау-дамаймен басталды. Себеп – дөңгелек үстелдің тақырыбынан шықты. Ресми «Қазақ әліпбиінің латын таңбаларымен берілуінің қажеттілігі мен мүмкіндіктері» деп аталып, шақырылған тақырыптың ұйымдастырушылар тарапынан «для галочки» қойылғаны мойындалып, модератор тарапынан негізгі әңгіме «Латын әліпбиінІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ нұсқасын пайдаланудың қажеттілігі мен мүмкіндіктері» ауанында өрбитіні белгілі болды. Яғни, өздері жасаған латын әліпбиінің нұсқасын таныстырып, талқыға саламыз деп келген қатысушылар өздерінің жас бала секілді «алданғанын» білгенде наразылық танытты. Ғалым Алтынбек Шәріпбаев ұйымдастырушылардың бірі Серік Ерғалидің баяндамасынан кейін, жалпы тақырыптың дұрыс қойылмағандығын сынаса, біздер жалпы екі әліпбидің қажеттілігі неде деген сарында сұрақ қойдық. Жалпы ұйымдастырушылар тарапынан қандай мақсат көздегені өздеріне аян, әйтсе де біз өзіміз байқаған бірқатар жайттарды тізбелей кетейік.
1. Дөңгелек үстел өте асығыс (оны модератор Ербол Тілешовтың өзі де айтты) ұйымдастырылған.
2. Техникалық әліпби деген сылтаумен ұйымдастырушылар өздерінің нұсқаларын ұсынып, оны жиналған ғалымдарға мақұлдатып, қарар қабылдап алып, тиісті орындарға бекіткізіп жіберуді көздеген. Ең қызығы, оны ұйымдастырушылар Серік Ерғали да, Ербол Тілешов та ол техникалық әліпбидің кейін жалпыхалықтық әліпби болып кету ықтималдығын жоққа шығармай отыр.
3. Ұйымдастырушылар өздері техникалық деп атаған нұсқаны Алдан Смайылов, Бақытбек Смағұл, Оразкүл Асанғазықызы секілді бірнеше ғалымдарға ұсынғанын айтып, олардың бұл мәселені көтеруге ынталылық танытқанын жеткізді. Сонда, жалпыхалықтық талдауға түспеген шикі дүниені ат төбеліндей топтың халық қалаулылары арқылы қабылдатып жібергісі келгендегі қылығы – қулық емей немене?
4. Мәжіліс тарапында жақсы ұсыныстар да айтылды. Амангелді Шәріпбаев тарапынан ұсынылған әуелі графиканың стандарттарын жасап алу деген ұсыныс қызу қолдау тауып, ендігі мәжіліс стандарттар ұсынып, бекітуге бағышталатынына бәтуаластық.
5. Арман Байқадамның әліпби ұсыну (мейлі техникалық, мейлі жалпыхалықтық) процесі бәсекелестік негізінде жүргізілсін деген ұсынысы да қызу қолдау тапты.
P.S. Жиын соңында қабылданады деген қарардың мәтіні сол күйі жұмбақ болып қалды.

03.09.2013

Бір топ зиялылардың ашық хаты



Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы кейбір ғалымдар, қоғам қайраткерлері бірнеше жылдан бері әңгіме қозғап келеді. Жуырда Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында латын әліпбиіне көшу 2025 жылы жүзеге асатындығы айтылды. Жолдаудан кейін біреулер латын әліпбиіне 2017 жылдан бастап бұрылайық десе, базбіреулер, тіпті, ертеңнен бастап көшуге әзір екендіктерін білдіруде. «Латын графикасына бүкіл Қазақстан, еліміздегі барлық басылымдар, барлық ұлт өкілдері бірлесіп көше ме, жоқ, немесе жалғыз қазақ тілі ғана бет бұра ма?» деген сұрақ алдымызды орады. 

29.08.2013

Шаханов жеңді, Қохаева көнді. Айдос Сарым ше?


Шаханов жеңді, Қохаева көнді. Айдос Сарым ше?







Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу мәселелері мен келешегі» атты тақырыпта басқосу өткізді. Басқосуға қатысуға келісім берген төрт адамның екеуі жиынға келмей қалды. Білім және ғылым министрлігіне қарасты Экономика институтының ұлттық қаржы зерттеулері бөлімінің меңгерушісі Мәдина Халитова іссапармен шетелге кетіп, сол жақтан келіп үлгермепті. Ал саястатанушы Айдос Сарым «келем» деп уәде берген екен, бірақ жиын басталардан бірер сағат бұрын қалта телефонын өшіріп тастап, ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Неге?
Жиынға қатысқан ақын Мұхтар Шаханов дәл қазіргі жағдайда  латын әліпбиіне өтуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол бұл мәселеге қатысты өзінің аргументтерін келтіріп бақты. Оның айтуынша, мектеп оқулықтарын басып үлгере алмай жатқан мемлекеттің кириллица қарпінде бұған дейін жарық көрген миллиондаған кітаптарды латынша қайта бастырып шығуға шамасы  жетпейді. Сондай-ақ, қазақ тілін түгел халық игермей жатып латын қарпіне өтудің қажеті жоқ. Себебі, бұл онсыз да тілі бойынша екіге жарылып тұрған қазақты тағы да бөлшектеп жібереді. Ол сөзін «Латын әліпбиіне көшу – ұлтты жоюға бағытталған қадам!» деп түйіндеді.

15.02.2013

Epistula non erubescit


Через 15 лет главное стихотворение казахского народа будет выглядеть вот так: “Kozindy ash, oyan kazak, koter basty!”. Ну или вот так: “Kozindi aš, oian quazaq, koter basty!” - точно вам никто сейчас не скажет. В преддверии латинизации отечественные лингвисты подготовили около 10 вариантов латинского алфавита для казахского языка - а всего, по некоторым подсчетам, их около 50(!). Имеет ли смысл варить такой крутой лингвистический бешбармак - вот тема нашего материала.