Khotyr-shotyr-zhazu
Показаны сообщения с ярлыком латын жазу қиындықтары. Показать все сообщения
Показаны сообщения с ярлыком латын жазу қиындықтары. Показать все сообщения
19.12.2013
03.09.2013
Бір топ зиялылардың ашық хаты
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы кейбір ғалымдар, қоғам қайраткерлері бірнеше жылдан бері әңгіме қозғап келеді. Жуырда Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында латын әліпбиіне көшу 2025 жылы жүзеге асатындығы айтылды. Жолдаудан кейін біреулер латын әліпбиіне 2017 жылдан бастап бұрылайық десе, базбіреулер, тіпті, ертеңнен бастап көшуге әзір екендіктерін білдіруде. «Латын графикасына бүкіл Қазақстан, еліміздегі барлық басылымдар, барлық ұлт өкілдері бірлесіп көше ме, жоқ, немесе жалғыз қазақ тілі ғана бет бұра ма?» деген сұрақ алдымызды орады.
29.08.2013
Шаханов жеңді, Қохаева көнді. Айдос Сарым ше?
Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу мәселелері мен келешегі» атты тақырыпта басқосу өткізді. Басқосуға қатысуға келісім берген төрт адамның екеуі жиынға келмей қалды. Білім және ғылым министрлігіне қарасты Экономика институтының ұлттық қаржы зерттеулері бөлімінің меңгерушісі Мәдина Халитова іссапармен шетелге кетіп, сол жақтан келіп үлгермепті. Ал саястатанушы Айдос Сарым «келем» деп уәде берген екен, бірақ жиын басталардан бірер сағат бұрын қалта телефонын өшіріп тастап, ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Неге?
Жиынға қатысқан ақын Мұхтар Шаханов дәл қазіргі жағдайда латын әліпбиіне өтуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол бұл мәселеге қатысты өзінің аргументтерін келтіріп бақты. Оның айтуынша, мектеп оқулықтарын басып үлгере алмай жатқан мемлекеттің кириллица қарпінде бұған дейін жарық көрген миллиондаған кітаптарды латынша қайта бастырып шығуға шамасы жетпейді. Сондай-ақ, қазақ тілін түгел халық игермей жатып латын қарпіне өтудің қажеті жоқ. Себебі, бұл онсыз да тілі бойынша екіге жарылып тұрған қазақты тағы да бөлшектеп жібереді. Ол сөзін «Латын әліпбиіне көшу – ұлтты жоюға бағытталған қадам!» деп түйіндеді.
15.02.2013
Тоғыз әріп көтерілісі
Ә,Ң,Ғ,Ұ,Ү,Қ,Ө әріптері бірігіп көтеріліске шығамыз депті. Оларға І,Һ әріптері басу айтқанмен, болмапты. Жоқ жерден жолы болып кеткен І мен Һ әріптерінің халықаралық стандартқа сай келетіні әлгі жетеуінің үш ұйықтаса да түсіне кірмеген.
М.Шаханов латын әліпбиені көшу туралы
Қазақстанның халық ақыны
Мұхтар Шахановтың
латын жазуы реформасына қарсы айтқан өлеңі:
Подписаться на:
Сообщения (Atom)
