Khotyr-shotyr-zhazu

Khotyr-shotyr-zhazu

30.01.2021

Латын қарпіне ауысуға қарсымын

 Сәкен Сыбанбай: «Латын қарпіне ауысуға қарсымын»



Турасын айтайын, мен латын қарпіне ауысуға қарсымын. Кирилл қарпінен айрылғым келмей, орысшылдығым ұстағаннан емес, қазақ тілінің қазіргі ахуалында қаріп ауыстырудың қауіпті екенін ойлағаннан. Қазақстан тұтас біртілді – қазақтілді ел деңгейіне жетпейінше, қаріп ауыстыру бізге тиімді емес, керісінше, ол тілге, ұлтқа, елге орасан зор зиянын тигізеді: біріншіден, билік пен елдегі орыстілді қауым мемлекеттік тілді біржола жылы жауып қояды, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды иеленбек түгілі, бүгінгі күніне зар болып қалады; екіншіден, латын қаріпті қазақ тілі тек қазақы қазақтардың өз ортасында, шектеулі шеңберде ғана қолданылатын жартыкеш тіл болады, билік пен орыстілді орта кириллицамен (орыс тілімен) сол бұрынғысынша сайран сала береді, яғни елдегі тілдік жік тіптен өрши түседі; үшіншіден, мұның бәрі біздің балаларымызды мәңгүрт қып бітеді; онсыз да үштұғырлы тіл, жаңартылған білім жүйесі сияқты «реформалармен» былыққан білім саласы біржола тоқырайды; қазақ мектебіндегі оқушылар акутты латын қарпімен – қазақ тілін, акутсыз латын қарпімен – ағылшын тілін, кирилл қарпімен – орыс тілін оқып, миы ашиды. Үш тілді үш түрлі қаріппен оқитын баланың миы ботқа болмай не болады?

 

Кириллицадан бас тарту – елімізді Ресейдің ықпалынан құтқара алмайды. Орыс әлемінен алыстау үшін әуелі мемлекет басшылығы алдына сондай мақсат қоюы керек. Отарсыздандыру саясатын жүргізуі керек. Ресейдің мәдени-ақпараттық бұғауынан құтылуға күш салуы қажет. Ресейден ірге бөлуге бағытталған мақсатты жұмыс, түбегейлі саясат жүргізіліп, қаріп ауыстыру сол мақсаттың құрамдас бөлігі болып, үдеріс тұтаса жүргенде ғана орыс әлеміне тәуелділіктен арылуымыз мүмкін. Оның басты, негізгі, қажетті міндеттерін атқармай, құр әліпби ауыстырып-ақ құтылып кетеміз деу – қиял! Бензин құймасаң, тек рульді айналдырып, газды баса бергеннен машина жүрмейді ғой, сол сияқты...



29.01.2021

Омар Анарбаев жаңа Ң туралы

 Ң әрпінің маңқасын сорғалатып жіберіпті: Ŋ ŋ

https://www.facebook.com/793778565/posts/10159075230098566/

Тарихшы. Латын әліпбиіне қарсылыық

Тарихшы Сәбит Шілдебай.
Мен Латын әліпбиіне қарсымын.

Мынау 1931 жылғы мәтін. Латынға көшіп, емленің қалыптаспаған уақыты. Қазақтар латын әліпбиінің емлесі толық қалыптаспай жатып-ақ, 9 жылда кирилге көшті. Егер, біз қазір латынға көшетін болсақ, қазақ халқы кем дегенде 25 жылдық мәдени тоқырауға ұшыраймыз. Сондықтан, мен латын әліпбиіне қарсымын.

13.01.2014

26.12.2013

Қазақша латын әліпбиі екі түрлі болады ма?

Nuraddin Sadykov
 Астана

 
Кеше латын әліпбиіне қатысты жиын болды.
 Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырады деген мәжілісті – сол басқармаға қарасты «Руханият» орталығы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Сайлау Батыршаұлы, Алтынбек Шәріпбаев, Мұхамбедия Ахметов, Серік Ерғали сынды жиырмаға тарта ғалымдар мен тіл жанашырлары, Арман Байқадам сынды кәсіпкер, жас ғалымдар қатысты.


 Сонымен, басқарма төрағасы Ербол Тілешовтың төрағалығымен дөңгелек үстел мәжілісі басталды. Басқосу ә дегеннен дау-дамаймен басталды. Себеп – дөңгелек үстелдің тақырыбынан шықты. Ресми «Қазақ әліпбиінің латын таңбаларымен берілуінің қажеттілігі мен мүмкіндіктері» деп аталып, шақырылған тақырыптың ұйымдастырушылар тарапынан «для галочки» қойылғаны мойындалып, модератор тарапынан негізгі әңгіме «Латын әліпбиінІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ нұсқасын пайдаланудың қажеттілігі мен мүмкіндіктері» ауанында өрбитіні белгілі болды. Яғни, өздері жасаған латын әліпбиінің нұсқасын таныстырып, талқыға саламыз деп келген қатысушылар өздерінің жас бала секілді «алданғанын» білгенде наразылық танытты. Ғалым Алтынбек Шәріпбаев ұйымдастырушылардың бірі Серік Ерғалидің баяндамасынан кейін, жалпы тақырыптың дұрыс қойылмағандығын сынаса, біздер жалпы екі әліпбидің қажеттілігі неде деген сарында сұрақ қойдық. Жалпы ұйымдастырушылар тарапынан қандай мақсат көздегені өздеріне аян, әйтсе де біз өзіміз байқаған бірқатар жайттарды тізбелей кетейік.
1. Дөңгелек үстел өте асығыс (оны модератор Ербол Тілешовтың өзі де айтты) ұйымдастырылған.
2. Техникалық әліпби деген сылтаумен ұйымдастырушылар өздерінің нұсқаларын ұсынып, оны жиналған ғалымдарға мақұлдатып, қарар қабылдап алып, тиісті орындарға бекіткізіп жіберуді көздеген. Ең қызығы, оны ұйымдастырушылар Серік Ерғали да, Ербол Тілешов та ол техникалық әліпбидің кейін жалпыхалықтық әліпби болып кету ықтималдығын жоққа шығармай отыр.
3. Ұйымдастырушылар өздері техникалық деп атаған нұсқаны Алдан Смайылов, Бақытбек Смағұл, Оразкүл Асанғазықызы секілді бірнеше ғалымдарға ұсынғанын айтып, олардың бұл мәселені көтеруге ынталылық танытқанын жеткізді. Сонда, жалпыхалықтық талдауға түспеген шикі дүниені ат төбеліндей топтың халық қалаулылары арқылы қабылдатып жібергісі келгендегі қылығы – қулық емей немене?
4. Мәжіліс тарапында жақсы ұсыныстар да айтылды. Амангелді Шәріпбаев тарапынан ұсынылған әуелі графиканың стандарттарын жасап алу деген ұсыныс қызу қолдау тауып, ендігі мәжіліс стандарттар ұсынып, бекітуге бағышталатынына бәтуаластық.
5. Арман Байқадамның әліпби ұсыну (мейлі техникалық, мейлі жалпыхалықтық) процесі бәсекелестік негізінде жүргізілсін деген ұсынысы да қызу қолдау тапты.
P.S. Жиын соңында қабылданады деген қарардың мәтіні сол күйі жұмбақ болып қалды.

12.12.2013

Латын қазақ әліпбиінің Арман Байқадам ұсынған жобасы

Жалпы сипаттама.
1. Қазақстанның латын әліпбиінің жаңа жобаларын талқылау барысында лингвист ғалымдар мен әлеуметтанушы, саясаткерлер жаңа сападағы жазуды қалыптастыру туралы қоғамдық пікір қозғап, БАҚ арқылы өз ұсыныстарын жариялап келеді. Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгеннен бері қазақ тілінің әліпбиін жасау үшін лингвистер, программистері және тағы басқа саланың мамандары өзіндік жобаларын ұсынды. Кейбір жобаларда қазіргі қолданыстағы 42 әріп автоматты түрде латын әрпінде берілсе, ендігі бір топ жобаларда орыс тілінен енген кірме дыбыстар қосар таңбамен, мысалы, в, ф, ш дыбыстары bh, fh, ch әріп тіркесімдері арқылы берілген. Сонымен қатар негізінен тағы бір тобы түрік тіліндегі жазу вариантын да беріп отыр. Ол бойынша ә, ө, ү, і, ғ дыбыстарының төбелерін арнайы диакретикалық белгілер арқылы беруді ұсынған. Және де дауыссыз дыбыстарға қатысты ш әрпін ş түрінде, ж әрпін ç түрінде, ң дыбысын ŋ түрінде, ғ әрпін ğ түрінде берген. Ғалымдардың пікірінше, Microsoft Wordформатындағы мәтіндерде арнайы таңбалары бар әріптердің өзгеріске ұшырап, бүлінуі мүмкін. Ағылшын тіліндегі мәтіндердің өзгермей, жақсы сақталатындығының бір себебі, оларда ешқандай диакретикалық таңбалар жоқ деп түсіндіріледі. 
2. Латын графикасын енгізудің екінші варианты – дауысты дыбыстардың жіңішке нұсқаларын дәйекше арқылы беру. Ол бойынша ә әрпін а’, ө - о’, ұ – u’, ү – y’ түрінде берген. Бірақ әріптерді дәйекше арқылы беру жазу тәжірибесінде оңтайлы болмайды. Ол үшін әрбір жіңішке әріптерден кейін тағы бір таңба салу керек. Бұл пернатақтада жазу жылдамдығын баяулатады. 
Осы орайда қазақ тілінің сингармонизм заңын басшылыққа алудың қажеттілігі туындайды. Себебі қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде сингармонизм құбылысы барынша жетілген тіл. Бұл туралы В.Радловтың, П.М.Мелиоранскийдің, Казем-бектің пікірлері бар.

Латын әріптерін үндестік заңдылығына сай бейімдеу
Көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады. Сингармонизм – гректің syn «бірге» және harmoni – «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин. 
А.Байтұрсынов сингармонизм заңы жөнінде былай деген: «Тіл-тілде сөздің құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бас-аяғы бүтін бір сөз (немесе бір буын) етіп тұратын лингвистикалық құбылыс – үндесім (сингармонизм) құбылысы немесе үндесім заңы (сингармонизм заңы) болып табылады. Буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылардың да, дауыссыздардың да) бір әуезбен айтылуын сингармонизм құбылысы дейді». 
Сингармонизм заңдылықтары:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз. 
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз.
Осының бәрінің негізінде А.Байтұрсынұлының «Қазақ сөзі екі түрлі: бір түрі – жуан, екінші түрі – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі де жіңішке болады» деген пікірі жатыр. 
А.Байтұрсынұлы сингармонизм заңына сәйкес, қазақ тілінде 43 дыбыстың бар екендігін, бірақ оны 24 әріппен беруге болатындығын ескерткен. Тек кейбір жуан, не жіңішке екендігі даулы болып қалатын сөздердің жіңішкелігін белгілеу үшін дәйекше қолдану керектігін көрсеткен. Оған сәйкес, қазақ тілінде 5 дауысты дыбыс бар: а, о, ұ, ы, е. Ал қалған дауысты дыбыстарды сингармонизм заңына байланысты туындайды деп түсіндіреді. Олар: ә, ө, ү, і. Ал, - е дыбысы ылғи да жіңішке айтылады. 
Бұдан шығатын қорытынды, қазақ жазуына негізделген латын графикасының мүмкіндігі сингармонизм заңына тікелей тәуелді.


25.09.2013

Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам...

24 қаңтар 2013 | 







Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының доц., ф. ғ. к. Нұрбол Сәдуақас
 Алаңдаудың реті жоқ…
 —    Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан да болар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақтар арасына қалай енгізілгеніне келіспейміз» деген сөзі көңілге көп ой салады. Себебі бұл сөз тілінің болашағын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кирилл-қазақ  әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, қайта қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек.

03.09.2013

graddittoken

<script>graddit_token='2b7f7fd0-1484-11e3-9a76-d43d7e322b5f';</script>

Бір топ зиялылардың ашық хаты



Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы кейбір ғалымдар, қоғам қайраткерлері бірнеше жылдан бері әңгіме қозғап келеді. Жуырда Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында латын әліпбиіне көшу 2025 жылы жүзеге асатындығы айтылды. Жолдаудан кейін біреулер латын әліпбиіне 2017 жылдан бастап бұрылайық десе, базбіреулер, тіпті, ертеңнен бастап көшуге әзір екендіктерін білдіруде. «Латын графикасына бүкіл Қазақстан, еліміздегі барлық басылымдар, барлық ұлт өкілдері бірлесіп көше ме, жоқ, немесе жалғыз қазақ тілі ғана бет бұра ма?» деген сұрақ алдымызды орады.