Khotyr-shotyr-zhazu

Khotyr-shotyr-zhazu

29.08.2013

Момбек Әбдәкiмұлы. Әлiпби ауыстыру оңай-оспақ шаруа емес



Мемлекет басшысы латын әлiпбиi­не көшу керектiгiн айтқанымен, оған қазақ елiнде тұрып жатқан бүкiл ұлт­тардың бәрi көше ме, әлде өздерiнiң қалпын бұзбаған қазақтар ғана (өйткенi түрi қазақ, жаны бөлек қандастарымыз өте көп) көше ме деген сұрақтың басын ашық қалдырды. 

Шаханов жеңді, Қохаева көнді. Айдос Сарым ше?


Шаханов жеңді, Қохаева көнді. Айдос Сарым ше?







Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу мәселелері мен келешегі» атты тақырыпта басқосу өткізді. Басқосуға қатысуға келісім берген төрт адамның екеуі жиынға келмей қалды. Білім және ғылым министрлігіне қарасты Экономика институтының ұлттық қаржы зерттеулері бөлімінің меңгерушісі Мәдина Халитова іссапармен шетелге кетіп, сол жақтан келіп үлгермепті. Ал саястатанушы Айдос Сарым «келем» деп уәде берген екен, бірақ жиын басталардан бірер сағат бұрын қалта телефонын өшіріп тастап, ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Неге?
Жиынға қатысқан ақын Мұхтар Шаханов дәл қазіргі жағдайда  латын әліпбиіне өтуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол бұл мәселеге қатысты өзінің аргументтерін келтіріп бақты. Оның айтуынша, мектеп оқулықтарын басып үлгере алмай жатқан мемлекеттің кириллица қарпінде бұған дейін жарық көрген миллиондаған кітаптарды латынша қайта бастырып шығуға шамасы  жетпейді. Сондай-ақ, қазақ тілін түгел халық игермей жатып латын қарпіне өтудің қажеті жоқ. Себебі, бұл онсыз да тілі бойынша екіге жарылып тұрған қазақты тағы да бөлшектеп жібереді. Ол сөзін «Латын әліпбиіне көшу – ұлтты жоюға бағытталған қадам!» деп түйіндеді.

Алдымен тілімізді түзейік, латынға одан кейін көшейік

Момбек ӘБДӘКІМҰЛЫ, 
жазушы

Қазіргі таңда елімізде қазақ жұртының латын әрпіне көшу-көшпеу мәселесі аса үлкен тақырыпқа айналып, күн тәртібінен түспей тұр. Біреулер оған күні бүгін-ақ көшу керек деп өзеуресе, енді біреулер оған бірден өтудің қиын екенін айтып, алдыңғыларға тойтарыс беруде. Ал үшінші бір топ қазаққа латынның түкке керегі жоқтығын айтуда. Дегенмен «толғатқан әйел бала тумай қоймайды» дегендей, базбіреулердің қазіргі екпіні басылмаса, түбі біз осы әріпке көшетін сыңайлымыз. Бірақ дәл қазір және жуық арада, тіпті таяудағы төрт-бес жылда емес. Тіпті оған Елбасының жолдауында айтылғандай, 2025 жылы көше қою да және оны барлық қазақ ә дегенде-ақ меңгере қояды деу де қиын. Өйткені дәл қазір, тіпті он жылдан кейін де өзгере қояды дегенге сену қиын. Біздің қазақ қоғамында оған кездесетін кедергілер мен әр түрлі себеп-салдарлар көп. Себеп-салдардың ең бастысы – Қазақ елінде тұрып жатқан қазақтардың өздерінің бір тілді, яғни қазақ тілді еместігі. Одан соң Елбасы латын әрпіне көшу керектігін айтқанымен, оған қазақ елінде тұрып жатқан бүкіл ұлттардың бәрі көше ме, әлде өздерінің қалпын бұзбаған қазақтар ғана (өйткені түрі қазақ, жаны бөлек қандастарымыз өте көп) көше ме деген сұрақтың басын ашық қалдырды. Егер латын әрпіне көшу тек соңғыларға ғана тиісті болса, сеніммен айтамын, онда бір ұлттық рух төңірегіне әлі топтаса алмай, «тілді қазақ», «тілсіз қазақ» болып жүрген жергілікті халық, жарылған бөренедей, өз ішінен бұрынғыдан да бетер қақ айырылады. Енді осы күмәнімізді біраз дәлелдермен айшықтап керейік.

Латынға өту үшін референдум қажет

Астана. 28 тамыз. Baq.kz 


 Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқытушысы Н. Жармұғанбетов: «Тіл — үлкен саяси мәселе. Бұл – ұлт татулығы, бірлігі жайындағы мәселе емес екенін ескеруіміз қажет. Тіл – ел, ұлт тағдырына байланысты болғандықтан халықтық референдум өткізу керек» — дейді.  

Латынға өту туралы референдум өткізсе, сайлаудың әділ өтпеуіне байланысты референдум нәтижесі де бұрмаланады деген күдік айтушылар болмай қалмас. Қалай десек те ұлтының мүддесін ойлайтын ел ағаларының, азаматтардың көп болуы және олардың басым көпшілігінің болашақта ұлтымызды өркентиетке жақындата түсетін латын әліпбиін көшуді қолдайтындығы көңілге қуаныш орнатады, - деп санайды ол.

Жарқынбек СЕЙТІНБЕТҰЛЫ,
«Ұлт тағдыры» ҚБ төраға орынбасары

baq.kz

13.04.2013

ҰЛТТЫҚ СӘЙКЕСТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗУДЫҢ МӘДЕНИ, САЯСИ ЖӘНЕ ДІНИ АСПЕКТІЛЕРІ


Ұлттың мәдениетімен, тарихымен, тілімен, дінімен, ділімен (менталитет), ұлттық

идеясы және идеологиясымен, бір сөзбен айтқанда, ұлттық саясатпен тығыз байланыстағы
мәселенің бірі – жазу мәселесі. Осы орайда тюрколог М. Ескеева: «Жазу – адамзат ақыл-
ойының үлкен жетістігі. Кез-келген халықтың тарихы жазба тілмен тікелей байланысты
қалыптасып, барлық рухани және материалдық қҧндылықтар деңгейі жазба мәдениетінен
көрінетіндіктен, жазу тарихы жалпы адамзат тарихының бір саласы ретінде қарастырылады»
[1] – дейді.
Тарихи деректерге сҥйенсек, ғалымдар жазу-сызудың табиғатын тҥсінуге ықылым
заманнан-ақ қызығушылық танытып келеді екен. ХХ ғасырдың орта шенінде жазба тілдер мен
олардың мұрағаттарын зерттеуге деген қажеттілік тіл білімінің маңызды салаларының бірі
ретінде графикалық лингвистиканың өз алдына толыққанды ғылым саласы болып қалыптаса
бастауына алып келді.

Садуақасов А.Қ. 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана

сілтеме


04.04.2013

Назарбаева: "Тілші ғалымдарды бір апта қамап қою керек"

Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің қызы, ҚР Парламент мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты Дариға Назарбаеваның ғалымдарға қысым көрсету керектігі туралы шымшыма сөзі:

"Егер біз ғалымдардың еркін пікірталасуына рұқсат беріп қойсақ, олар әлі бұл латын әліпбиі қандай болу керек деген мәселені елу жыл талқылайды. Сондықтан бұларды бір қараңғы бөлмеге бір аптаға қамап қойып, су мен нан ғана беру керек. Сонда тезірек ойланады" 

жалғасы мұнда 


01.04.2013

Латын әліпбиіне ауысқан кезде орыс мектептерінде қандай алфавит қолданылады?

Астана. 28 наурыз. Baq.kz «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» ісі қаралған Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бүгінгі отырысында төменгі палата депутаты Гүлнәр Сүлейменқызы осы мәселені көтерді

29.03.2013

«Профессор үкіметті латын әліпбиіне көшу кезінде асықпауға шақырды»

Латын графикасына көшу асығыстықты қажет етпейтін мәселе. Бұл пікірді бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы аясында М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы айтты,

11.03.2013

Латынға көшу – өз еркімен өшу


Автор: Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ Мен латынға көшуге қарсымын! Себебі, бұл ұсыныс басылым беттерінде көптен бері тиіп-қашты айтылып жүргенімен, осы жолы қарапайым халықтан емес, биліктен шықты. Ал бұған дейінгі биліктен шыққан барлық ұсыныстың ұлт мүддесіне кереғар келетін, жасырын, саяси астары бар болатын. Мәселен, «Көп ұлтты Қазақстан» идеясы уақыт өте келе елімізде тұрып жатқан әрбір өзге ұлт өкілдеріне, халықаралық заңнамаларға сүйене отырып, автономия талап етулеріне құқық берері сөзсіз дүние. «Көп дінді (конфессиялы) Қазақстан» идеясының зардабын қазір-ақ тартып отырмыз. «Үш тұғырлы тіл» ұстанымы — түбінде қазақ тілін жоятын идея.

26.02.2013

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ СҰРАНЫС БОЛА МА?


ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ СҰРАНЫС ЖОҚ ЕЛДЕ, ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ СҰРАНЫС БОЛА МА?


Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілінің ахуалы қалай болмақ деген мәселе қоғамда қызу талқылануда. Қазақстан ғалымдары латын әліпбиіне көшкен  Түркия, Азербайжан және Өзбекстанның ащы сабақтарын жасырмай алға тартып жатыр. Оларды жинақтасақ мыналар:
1. Күні бүгінге латын әліпбиіне 1928ж. көшкенмен, әлі де түрік тілінің дыбыстық қорындағы бірқатар дыбыстарда таңбалайтын түріктер әріптер әліпби жүйесіне енбей қалған. Өзбектерде де ондай мәселе бар.